Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2022 жылғы 31 мамыр – Қазақстан Халықаралық бюджеттік серіктестік (IBP) есептейтін бюджеттің ашықтығы индексінде 100 ұпайдан 63 ұпай жинады, 2019 жылы бұл көрсеткіш 58 ұпайды құрады.
Ашық бюджеттік зерттеуді ұсынған Халықаралық бюджеттік серіктестік (International Budget Partnership) есеп беру тәжірибесін көбірек цифрландыру және институттандыру қажет деп санайды. Ашық бюджет билік үшін өте тиімді, ол қоғамның сенімін арттырады және бюджеттік шығындарды, оның ішінде бақылау шараларына жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға және шектеулі бюджет ресурстарының мұқтаждарға бағытталуын қамтамасыз етеді.
Қаржы министрлігі Қоғамдық кеңестің қолдауымен «Сандж» зерттеу орталығымен бірлесіп, халықаралық рейтинг нәтижелерін жариялау мақсатында баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.
Қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов азаматтық бюджет – азаматтардың бюджет процесіне қатысуының шарты, сондықтан бюджеттің ашықтық индексі Үкімет жұмысының стратегиялық индикаторларының бірі болып табылатынын хабарлады. Қаржы министрлігі қажетті ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру және орналастырылатын ақпаратты жүйелендіруді жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Алдағы жылдары қаржы министрлігі қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы Ашық бюджет индексін жақсартуды көздеп отыр.
Халықаралық бюджеттік серіктестіктің зерттеушісі Жанар Жандосованың айтуынша, Қазақстанның тарихи деректер мен қаржылық емес көрсеткіштерді жариялауды кеңейту арқылы ашық бюджет индексін арттыруға айтарлықтай мүмкіндігі бар. Қазақстанның көрші елдермен салыстырғанда рейтинг бойынша нәтижелерін едәуір жақсартқаны қуантады.
Қоғамдық кеңес төрағасы Рустам Жүрсінов мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңес аясында бюджеттік ашықтық мәселелері бірінші кезекте тұрғанын айтты. Қоғамдық кеңестің өткен отырыстарында жария етілетін қаржылық құжаттардың мазмұндық бөлігі бойынша Қаржы министрлігіне нақты тапсырма берілді. «Азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы анда-санда емес, тұрақты негізде жүргізілуі тиіс, және ол жоспарлау кезеңінде аса маңызды, ұтымсыз шығындар мен ақталмайтын алымдарды болдырмау үшін фискалдық саясат бойынша да, әлеуметтік және инфрақұрылымдық шығыстар бойынша да пікірді ескеру қажет».
Ашық бюджет индексі бойынша қосымша ақпарат алу үшін: Жанар Жандосова, Сандж зерттеу орталығы, 777 212 84 73, janar.sange@gmail.com
Эмбарго до 31 мая 2022 г.
Казахстан по прозрачности республиканского бюджета в мировом рейтинге перешел в группу стран, публикующих достаточно информации для обеспечения дебатов по бюджету
Нур-Султан, Казахстан, 31 мая 2022 г. – Казахстан по индексу прозрачности бюджета, подсчитываемому Международным Бюджетным партнерством (IBP) набрал 63 балла из 100, в 2019 году данный показатель составил 58 баллов.
Международное бюджетное партнерство (International Budget Partnership), представившее Исследование открытости бюджета, считает, что необходима большая оцифровка и институционализация практики подотчетности. Открытый бюджет очень выгоден власти, так как повышает доверие со стороны общества и может привести к существенному снижению бюджетных затрат, в том числе на меры контроля, и гарантировать, что ограниченные бюджетные ресурсы будут направлены тем, кто в этом больше всех нуждается.
Министерство финансов при поддержке Общественного совета совместно с Центром исследований «Сандж» организовало пресс-конференцию по обнародованию результатов международного рейтинга.
Вице-министр финансов Данияр Жаналинов сообщил, что гражданский бюджет – это условие участия граждан в бюджетном процессе, именно поэтому Индекс открытости бюджета является одним из стратегических индикаторов работы Правительства. Министерство финансов проводит работу по размещению необходимой информации в открытом доступе и улучшению систематизации размещаемой информации. В ближайшие годы Министерство финансов намерено улучшить Индекс открытости бюджета за счет тесного взаимодействия с общественностью.
По словам Жанар Джандосовой, исследователя Международного Бюджетного партнерства, Казахстан имеет существенные шансы повысить Индекс открытости бюджета путем расширения публикации исторических данных и нефинансовых показателей. Отрадно, что Казахстан значительно улучшил результаты по рейтингу в сравнении с соседними странами.
Председатель Общественного совета Рустам Журсунов сообщил, что в рамках Общественного Совета по государственным финансам вопросы бюджетной открытости являются первоочередными. На прошлых заседаниях Общественного совета озвучено конкретное поручение Министерству финансов по содержательной части обнародуемых финансовых документов. «Взаимодействие гражданского общества и государства должно происходить не эпизодически, а на постоянной основе, и особенно важно оно на этапе планирования, чтобы избежать нерациональных трат и неоправданных поборов, необходим учет мнения как по фискальной политике, так и по социальным и инфраструктурным расходам». Для более подробной информации по Индексу открытости бюджета: Жанар Джандосова, Центр исследований Сандж, 777 212 84 73, janar.sange@gmail.com